Уразалина Дәмелі Жағпарқызы
Марапаттары:
Туған жылы: 21.03.1928
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде:
Уразалина Дәмелі Жағпарқызы
Марапаттары:
Туған жылы: 21.03.1928
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде:
Өмірбаяны
Уразалина Дәмелі 1928 жылғы 21 наурызда Көкшетау қаласында дүниеге келген. Соғыс басталғанда 13 жастағы жеткіншек болатын. Туған қаласы Көкшетаудағы орта мектептің 8 класын бітіргеннен кейін, педагогика техникумына түсіп, тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алады.

1943 жылы комсомол қатарына өтеді. Техникумды бітірісімен Петропавл қаласындағы педагогика институтында екі жылдай оқиды. Дипломын алып, Көкшетауда қазақ орта мектебінде тарих пәнінен сабақ береді. 20 жасында тұрмыс құрады. Жолдасы әскери адам, талай жыл ІІМ, КГБ органдарында қызметте болған. Подполковник. Үш баладан 5 немере, 13 шөбере бар.

Бүгінде қария үлкен баласымен бірге тұрады. Дені сау, жаяу жүргенді жақсы көреді.