Биография
Кенжебек Шәкенов 1924 жылы 22 ақпанда Семей облысының Жарма ауданынның Бөке руднигінде жұмысшы отбасында дүниеге келген. 1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. 1943 жылы тамызда Ташкенттегі пулемет училищесін бітірген соң майданға аттанды.
62-гвардиялық атқыштар дивизиясы құрылып болысымен, оларды Днепр жағалауындағы кескілескен шайқасқа жібереді. Дивизия 2-ші Украина майданының 37-ші армиясының құрамына енгізілді. 184- гвардиялық атқыштар полкі Днепрдің оң жағалауына өтіп, қолайлы бекініске орнықты. Кенжебек пулемет оғымен тура көздеп, фашистерді жайрата бастады. Осы ұрыста ер жүрек пулеметші 30-ға тарта гитлершінің көзін жойды. 1943 жылы жауынгерлік күзетте болған пулеметші Шәкенов жаудың үш рет жасаған шабуылын тойтарып, 17 солдаты мен офицерін және ірі калибрлі пулеметін жойды. Сержант Кенжебек Шәкенов екі рет жараланды. 1944 жылғы наурыз айында Ашхабадтағы жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілді. 1944 жылы Днепрден өтуде көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін сержант Кенжебек Шәкеновке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 22 ақпандағы Қаулысымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан 1946 жылы елге майор шенімен оралды. Бейбіт жылдары Семей қаржы-экономика техникумының директоры болып қызмет етті. Өмірінің соңғы жылдары Алматыда тұрды, 2001 жылы 30 желтоқсанда ауыр науқастан көз жұмды.