Рахымбеков Төкен Садықұлы
Марапаттары:
Атақтары: Профессор, академик. Халықаралық экология академиясының толық мүшесі.
Туған жылы: 01.01.1933
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: Жұмысшыларға тамақ тасыған
Рахымбеков Төкен Садықұлы
Марапаттары:
Атақтары: Профессор, академик. Халықаралық экология академиясының толық мүшесі.
Туған жылы: 01.01.1933
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: Жұмысшыларға тамақ тасыған
Өмірбаяны
Рахымбеков Төкен Садықұлы Қарағанды облысы, Нұр ауданында дүниеге келген туған. Соғыс басталғанда 8 жастағы бала колхоз жұмысына араласады. Бізге айтқан естелігінде екі аяқты арбаны үлкен адамдар атқа шегіп береді екен. Сол арбамен даладағы жұмысшыларға тамақ апарған. Соғыс аяқталғаннан кейін Қарағанды маңындағы ауыл мектебін бітіреді.

1950 жылдары Алматы ауылшаруашылық институтының агрофакультетіне түсіп, 1955 жылы бітіреді. Институт ғалымдар кеңесі үздік студентті Москвадағы Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясына аспирантураға жібереді. 1959 жылы академияны үздік бітіріп шығады. Сол жылы диссертациясын қорғап, Алматы ауылшаруашылық институына мұғалім болып келеді. Сол институтта 60 жылдай жұмыс істейді. Оқытушы қызметінен бастап, кафедра меңгерушісі, декан қызметіне дейін көтеріледі. Профессор, академик атақтары бар. Халықаралық экология академиясының толық мүшесі. Біраз ғылыми еңбектердің авторы. Бірнеше кітаптардың авторы. Студенттерге арналған әдістемелік оқулықтар шығарған.

Бір ұл, бір қызы, немерелері бар.