С прискорбием сообщаем о смерти ветерана и приносим глубокие соболезнования родным и близким. Вечная память и благодарность потомков героям.
Мұсаханов Мұхан Мұсаханұлы
Награды:
Орден «Данк» II-III степени, юбилейные медали медаль «За отвагу» при освобождении Германии, Японии.
Дата рождения: 05.01.1924
Статус: УВОВ
В годы ВОВ: Был командиром стрелковой части 839- го танкового полка
Мұсаханов Мұхан Мұсаханұлы
Награды:
Орден «Данк» II-III степени, юбилейные медали медаль «За отвагу» при освобождении Германии, Японии.
Дата рождения: 05.01.1924
Статус: УВОВ
В годы ВОВ:Был командиром стрелковой части 839- го танкового полка
Биография
Мұсаханов Мұхан Мұсаханұлы 1924 жылы 5 қаңтарда қазіргі Түркістан облысы (бұрынғы Шымкент облысы) Созақ ауданы, Раң ата (бұрынғы Қызыл байрақ ауылы) ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген. 3 ағасы, 2 ǝпкесі, 2 қарындасы болған. Созақ ауданындағы 8 жылдық мектепті бітіргеннен кейін, 1942 жылы 18 жасында соғысқа өзі сұранып, 1942 жылы 1 қыркүйекте сол кездегі Созақ ауданындағы ǝскери бөлімнен аттанған.

1944 жылдың мамырынан 1945 жылдың желтоқсанына дейін 839 танк полкінің атқыштар бөлімінің командирі болған. 1944 жылы армия генералы Кеңес Одағының Маршалы К. К. Рокоссовскийдің басшылығымен ІІ беларуссиялық фронтта 339 гвардаляқ жаяу жүргінші артиллериялық полкте болды. Бірінші ұрысын Украинада қабылдады. 1942 жылдың қыркүйегінен 1943 жылдың тамызына дейін Украинадағы 385 атқыштар полкінде атқыш болды. 1943 жылдың тамызынан 1944 жылдың мамырына дейін 339 танк полкінде атқыштар бөлімінің командирі болған. 1945 жылы генерал-майор В.Б.Лисиковтың басшылығымен 839 полкте Мǝскеу түбіндегі шайқаста ерлік көрсеткен. 1945 жылдың желтоқсанынан 1947 жылдың наурызына дейін 140 танк полкінде атқыштар бөлімінің командирі болып жауынгерлік қызметін атқарған. 1947 жылдың наурызы мен сәуірінде 202 запастағы батыс атқыштар полкінде атқыштар бөлімінің командирі болып жауынгерлік қызметін атқарған.

1947 жылдың 17 сәуірінде КСРО-ның қарулы Күштерінің 1947 жылғы 19 ақпан күнгі бұйрығына сǝйкес запасқа шығарылып, елге оралған. 1996 жылы Мǝскеу госпиталынан соғыста жараланып, оқ сол қолының жоғары тұсында қалды деген анықтамасы келіп, сол жылы Алматы қаласының ауруханасында жатып, «Соғыс мүгедегі» деген анықтама берілді. Соғыс жылдарынан кейін отбасын құрды. 4 ұлын аяққа тұрғызып, немерелерінің қызықшылығын көрді. 2001 жылы 20 қазанда Кентау қаласы, Байылдыр ауылында дүниеден озды.