Майшибекова Жанылган
Наградалары:
Еңбек ардагері
Туған жылы: 15.03.1936
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс жылдары: Үлкендермен бірге ауыл жұмысына араласқан
Майшибекова Жанылган
Наградалары:
Еңбек ардагері
Туған жылы: 15.03.1936
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс жылдары: Үлкендермен бірге ауыл жұмысына араласқан
Өмірбаяны

Майшыбекова Жаңылған 1936 жылы 15 наурызда Жамбыл облысы, Талас ауданы, бұрынғы Үшарал совхозында дүниеге келген. Соғыс жылдары отбасының ауыл жұмысына жаппай араласқанын, өзі де жасына қарамай үлкендерге көмектескенін, Жеңістің әр күнін елмен бірге жақындаттқанын айтады. Ауыр кезең тыл балаларын ерте естейткенін де жасырмайды.

Туған ауылында 10-жылдық мектепті бітіріп, 1960-жылдардың басында Алматығы келіп, Қыздар педагогикалық институтына түседі. Институтты 1967 жылы бітіріп, «мұғалім» мамандығын алып шығады.

1959 жылы отбасын құрып, жолдасы екуі 3 бала тәрбиелеп өсірді.

Жаңылған апайдың еңбек жолы өзі оқыған институттан басталды. 1964 -1974 жылдар аралығында институттың кадрлар бөлімінде жұмыс істеген.

1976 жылдың 1 қаңтарынан бастап Алматы облыстық байланыс басқармасында инструктор, жетекші маман қызметтерінен бастап, кадрлар бөлімінің бастығы қызметіне дейін көтеріледі. Сол жерден 1995 жылы еңбек демалысына шықты.

«Еңбек ардагері» белгісінің иегері.

Жаңылған апай 2021 жылғы мамыр айында Ковид-19 ауыруына шалдығып, жазылып шықты. Бүгінде еңбек ардагері көзінің нашар көретінін айтады.