Мансуров Камалдин
Марапаттары:
«Еңбек ардагері» белгісі, «Қазақстан республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісі, мерекелік медальдар, басқа да КСРО, ҚР марапаттары
Туған жылы: 12.11.1936
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: Колхоз жұмысына араласқан
Мансуров Камалдин
Марапаттары:
«Еңбек ардагері» белгісі, «Қазақстан республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісі, мерекелік медальдар, басқа да КСРО, ҚР марапаттары
Туған жылы: 12.11.1936
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: Колхоз жұмысына араласқан
Өмірбаяны
Мансуров Камалдин Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Кеткен ауылында дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдарына келгендіктен, кішкентайынан қолынан келгенше колхоз жұмысына араласқан. Кейін сол ауылдағы орта мектепті бітіріп, Алматыға келіп, ҚазМУ-дың математика факультетіне оқуға түседі.

Университетті үздік бітіріп, Қазақ ғылым академиясына жұмысқа жіберіледі. Кейін Москвада аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертациясын қорғап, «Математика пәндерінің кандидаты» атағын алады.

Камалдин Мансуров біраз жыл Ғылым академиясында, одан кейін 30 жылдан астам Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында (бұрынғы Қазақ теміржол институты) сабақ береді. Осы оқу орнынан еңбек демалысына шығады. Жұбайы Нұрваям Алахунова еңбек ардагері, оқу ағарту ісінің үздігі. Үш балалары, немере шөберелері бар.