Купиялова Меруерт Абдулловна
Награды:
"Ветеран труда", юбилейные медали, "Күміс алқа" "Алтын алқа"
Дата рождения: 23.04.1927
Статус: УТФ
В годы ВОВ:
Купиялова Меруерт Абдулловна
Награды:
"Ветеран труда", юбилейные медали, "Күміс алқа" "Алтын алқа"
Дата рождения: 23.04.1927
Статус: УТФ
В годы ВОВ:
Биография
Купиялова Меруерт Абдулловна 1927 жылы наурыздың 22 жұлдызында Ресейдің Станиславный қаласында дүниеге келген.

Алматыға 18 жасында күйеуімен бірге көшіп келіп, 19 жасында тұрмыс құрған. 32 жасында 8 баланың анасы атанып, қазір "Алтын алқа" төсбелгісіне иеленіп отырған жайы бар. Балаларын өсіріп, олардан 65 немере-шөбере сүйген.

Соғыс бастала салысымен Меруерт Абдулловнаның шаңырағынан 3 ағасын және әкесін Киев пен Белоруссияның қаласына жөнелткен. Соғыс кезінде анасы ауыр хәлде жатқандықтан, ардагер озінің іні-қарындастарымен комбайн жыртылған жердегі бидайды жинап алып, бір-бірлеп жеген кезеңдерді еске алды. Жеңіс күні қарсаңында ол Аргаяш ауданында оқудада жүрген болатын. Орысша "Соғыс бітті!" деп ұрандап жатқандары есінде.

Жоғарғы оқу орнында білім алуға мүмкіндік болмағандықтан апамыз өзінің өмірін толықтай балаларына арнаған. Қазір оның 6 баласы бірдей зейнеткер, Алматы қаласында екі қызының қолында тұрып жатыр.