С прискорбием сообщаем о смерти ветерана и приносим глубокие соболезнования родным и близким. Вечная память и благодарность потомков героям.
Ибрагимов Аз-Дарыған
Награды:
«Красная звезда», «Отечественная война», «За отвагу», «За боевые заслуги», «Слава день победы»
Дата рождения: : 7.01.1920
Статус: УВОВ
В годы ВОВ:участвовал в битве заБеларусь, Уфу и Ленинград
Ибрагимов Аз-Дарыған
Награды:
«Красная звезда», «Отечественная война», «За отвагу», «За боевые заслуги», «Слава день победы»
Дата рождения: : 7.01.1920
Статус: УВОВ
В годы ВОВ: участвовал в битве заБеларусь, Уфу и Ленинград
Биография
Ибрагимов Аз-Дарыған Ыбрайұлы 1920 жылы 7-қаңтарда Арыс бойында орташа жанұяда дүниеге келген. Әкесінен 10 жасында жетім қалған. Өмір тауқыметіне шыдап отбасын өз қармағына алды. Үйінде екі ұл бір қыз болған. Мектепті жақсы бағамен бітірген. 1941 жылы Арыстың военкоматына шақырылды.

1941 жылы соғыс басталған еді. Сол кезде жас жауынгерлерді Ақмола қаласына (қазіргі Нұр-Сұлтанға) алып барып, бір ай автомат ату дайындық мектебінен өтеді. Таң атты, жауынгерлердің барлығын пойызға мінгізді.Біраз уақыт өткеннен кейін, бір орыс ǝйел бар дауысымен айқайлап: «Қымбатты жолдастар, біз Смоленск қаласын қорғауға барамыз. Ол қалаға қаптаған немістер басып келе жатыр» – деп хабарлады. Таң да атты, Смоленск қаласына да келдік. Соғыс та басталып кетті. Бірнеше немістермен тұспа – тұс келген кездерім де болған. Сол немістерді көрген сайын көңілімнен еліңді, жерінді немістерден қорға деген үн естіліп тұрғандай болады.

Бұл қаланы азат еткеннен кейін, Минск жǝне Беларус қалаларын қорғауға бардық. 1943 жылы Аз-Дарыған ата арқасына оқ тиіп, Уфа қаласында госпитальде жатты. Үш айдан кейін жазылып, қайта соғысқа аттанды. Лениград түбіндегі шайқас өте қиын болды, себебі немістер осы қаланы басып, кейін Мǝскеу қаласына өтуі оңай болды. Бірақ та, біз бұл шайқасқа да тойтарыс беріп жеңдік. Қара Теңіздің қасында шайқасып, немістерді пленге алыпты. Тірі қалуды қалаған неміс фашисттері өз еркімен пленге берілді. Пленге түскісі келмеген немістер – өзін-өзі қара теңізге тастады. 1945 жылы 9 – мамыр күні немістердің бǝрін тізе бүктіріп, жеңіске қол жеткізді. Соғыс біткеннен кейін екі жыл Сибирь шекарасында «немістер тағы бастырып келіп қаладыма?» – деп, екі жыл Сибирьдегі шекарада болды. Ерлігі үшін орден медальдары өте көп, соның ішінде – «Красная звезда», «Отечественная война», «За отвагу», «За боевые заслуги», «Слава день победы» және де ерлігі үшін көптеген марапаттары бар. 1994 жылы Үкімет тарапынан «ОКА» жеңіл автомобиль көлігі берілді. Ибрагимов Аз-Дарығанның бес ұл, жеті қызы болды. 40 немересі, 5 шөбересі бар. Ибрагимов Аз-Дарыған ата 2003 жылы 20 – мамыр күні дүние салды.