Әбішева Шымшық Мырзағұлқызы
Марапаттары:
«Еңбек ардагері» белгісі
Туған жылы: 10.01.1937
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: Отбасымен қызылша өсірген
Әбішева Шымшық Мырзағұлқызы
Марапаттары:
«Еңбек ардагері» белгісі
Туған жылы: 10.01.1937
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: Отбасымен қызылша өсірген
Өмірбаяны
Әбішева Шымшық Мырзағұлқызы 1937 жылы 10 қаңтарда Алматы облысы, Іле аудан, Еңбек колхозында дүниеге келген. Әкесі соғыстан қайтпаған, Ресейде жерленген.

Анасы қарапайым шаруа адамы. 50-ші жылдары Павлодарға балаларын алып, тыңда (целина), асханада аспазшы болып істеген. Тыңнан келіп сиыр сауды. Қызылша өсірді. Ауыр жұмыстан денсаулығы сыр беріп, 72 жасында дүниеден өтті.

Ауылдары қант қызылшасын көп өсіргендіктен, балалық шағы сол қызылша алқабында өтті. Жасына қарамай қолына ауыр кетмен алып, бір жапырақ нанмен таңнан кешке дейін жұмыс жасаған. Онымен қоса, кірпіш кескен кезі де болған. 5-ші сыныпқа дейін ауылда оқып, 6-шы сыныпқа келгенде, анасы Капшағайдағы мектепке көшіреді. Бірақ 6-сыныптан кейін Шымшық апай оқуын тастап кетуге мәжбүр болған. «Үстіме іліп алар киімім болмады, соған намыстанып оқуымды тастап кеттім, - дейді апамыз.

Мектепті тастағаннан кейін ауыл жұмысына араласады. Ауылда қызылша қоймасының күзетшісі, бригадиры болды, жүгері шапты, қызылша өсірді. Тіпті балалар колониясында да істеген.

Алты баланың анасы. Бүгінде Алматыда балаларының қолында тұрады.