Жақсығұлов Садық Шәкелұлы
Марапаттары:
Кеңес Одағының батыры, «Ленин» ордені, «Алтын жұлдыз», «Ерлігі үшін» тағы да басқа медальдардың иегері.
Туған жылы: 1924 жыл
Статусы: Ұлы Отан Соғысына қатысушы
Соғыс кезінде: миномет расчетінің командирі
Жақсығұлов Садық Шәкелұлы
Марапаттары:
Кеңес Одағының батыры, «Ленин» ордені, «Алтын жұлдыз», «Ерлігі үшін» тағы да басқа медальдардың иегері.
Туған жылы: 1924 жыл
Статусы: Ұлы Отан Соғысына қатысушы
Соғыс кезінде: миномет расчетінің командирі
Өмірбаяны
Жақсығұлов Садық Шәкелұлы 1924 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңа қала ауданының №20 ауылында дүниеге келген. Кейін отбасы Камен ауылына қоныстанады. Ауылдық мектептің 7-сыныбын бітіріп, колхоз жұмысына араласқан. Ел басына бұлт төндірген соғыс жылдары өзі қатарлы жасөспірімдермен қатар ірімшік цехында екі ауысымда жұмыс жасайды.

1942 жылы он сегіз жасқа толар-толмастан Садық Жақсығұлов өз еркімен майданға жіберуін сұрайды. Сөйтіп, 1942 жылдың 10 қыркүйегінде Орынборға аттанады. Келер бетте, осындағы майданға жауынгерлер дайындайтын кіші командирлер курсына қабылданады. 1943 жылдың наурызында кіші сержант шенімен, атақты 73-гвардиялық Қызыл Ту атқыштар дивизиясына қосылып, шілде айының ортасынан бастап ұрысқа қатысады. 209-гвардиялық атқыштар полкінің миномет ротасында командир болып, Днепр өзенін кесіп өтіп, жау техникасы мен адам күштерін шығынға ұшыратып, Кеңес әскерінің өзеннен өтуін қамтамасыз етеді. Осы ерлігі үшін миномет расчетінің кіші сержанты Садық Жақсылықовқа 1944 жылдың 22 ақпанында «Кеңес Одағының батыры» атағы, «Ленин» ордені және «Алтын жұлдыз» медалі берілді.

Соғыс аяқталғаннан кейін Садық Шәкелұлы көп жылдар аралығында мемлекеттік қызметтерді атқарды. 1946-1948 жылдары Камен ауданы Чижа ауылдық кеңесінің төрағасы, 1948-1952 жылдары аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі, 1952-1957 жылдары Камен аудандық партия комитетінің нұсқаушы қызметтерін атқарады.

1957 жылы Шымкент қаласындағы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті кеңестік-партия мектебіне қабылданып, 1960 жылы аталған оқу орнын аяқтап, Батыс Қазақстан облысындағы бірқатар аудандарда жоғары қызметтер атқарады.

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Садық Жақсығұлов 2009 жылы 30 наурызда дүниеден өтті.