Рсаев Таңатқан Мұратұлы
Марапаттары:
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Қостанай облысы Амангелді ауданының құрметті азаматы. «Құрмет» орденінің иегері.
Туған жылы: 19.12.1936
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: Үлкендермен бірген шөп жинаған, егін орған
Рсаев Таңатқан Мұратұлы
Марапаттары:
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері. Қостанай облысы Амангелді ауданының құрметті азаматы. «Құрмет» орденінің иегері.
Туған жылы: 19.12.1936
Статусы: Еңбек майданына қатысушы
Соғыс кезінде: Үлкендермен бірген шөп жинаған, егін орған
Өмірбаяны
Журналист, ақын, аудармашы Рсаев Таңатқан Мұратұлы Торғай өңірінде, Амангелді батырдың кіндік тамған жерінде дүниеге келген. Сол жерде мектепті бітірген. Шамамен 1944 жылдары колхоздың жұмысына араласа бастайды. Егін орып, бидай, тары бастырады. Үлкендермен бірген шөпке шығады. Ол кезде 7-8 жастағы бала. «Таң ертемен бала демей ерте тұрып, өгізге мініп, далада шөп жинап, кеш бата ересектермен бірге қайтып оралатынбыз. Әлі есімде, кейбір балалар, таңертең ұйқысын аша алмай, өгіз үстінде ұйықтап, құлап жататын. Өмірдің таршылығын, соғыстың қияметін көрдік. Негізі біздер соғысқа қатысқандарды көп атаймыз. Әрине оларға құрмет, олардың оттың ортасында шайқасқандары рас, олардың ерліктері ұмытылмайды. Бірақ олардың жейтін тамағы, киетін киімі болды. Олар тылдан келді емес пе? Ауылдағы жұмыстың барлығын кемпір-шал басқарды. Әйел-бала демей барлығы жұмысқа араласты. Тапқан-таянғанның барлығы майданға аттандырылды. Біздер балалар не киімге, не тамаққа жарымадық. Әлі есімде бір отбасының балалары жаздай тыр-жалаңаш, киерге киім таппай жүретін. Міне осындай таршылықты басымыздан кешірдік» - дейді Таңатқан аға.

Мектепті бітірісімен Алматыға келіп ҚазМУ-дың журналистика факультетіне түседі. 1959 жылы бітірісімен «Лениншіл жас» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болып істейді. Кейін Қазақ радиосына бас редактор болып ауысады. Ол кезде 30-ға толмаған жас жігіт. 60-шы жылдары Алматыда Қазақ Совет энциклопедиясының баспасы ашылады. Бұл тарихта болмаған жайт болатын. Таңатқан Мұратұлы 1980 жылдарға дейін 30 жыл сол энциклпедия баспасында жұмыс істейді. Аға редактордан бастап, бас редактордың бірінші орынбасары қызметіне дейін көтеріледі. Кейін Қазақстан дербес мемлекет болып, Торғай облысы қайтадан құрылғанда, облыстық Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдинның музейлерін ашты. Оншақты кітаптың авторы, аударма кітаптары бар. Олардың ішінде «Қырдағы ауыл», «Оңаша ойлар», «Дала дауылпаздары», «Алтын қазық», «Ғұмырлық шырқар әнім бұл» атты туындылары оқырманға таныс.

Таңатқан Рсаев Энциклопедия баспасында гуманитарлық ғылымдары редакциясын басқарып тұрған кезде Қазақ Совет энциклопедиясының 12 томынан, Қазақстан Ұлттық энциклопедиясының 10 томына дейін сол кезеңде шыққан барлық күрделі басылымдар осы кісінің қолынан өткен. Оның ішінде Абай энциклопедиясы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

35 жыл жазушылық творчествомен айналысты, 4 баладан 4 немересі бар.